Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әкеге қарап ұл өсер

Түркістан облысында әке ізін жалғаған бауырлар полицияда қызмет атқарады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абдраимов Бауыржан Есенәліұлы 1962 жылы көктем айының соңғы күндері Алғабас ауданы, Жарықбас елді мекенінде туылған. Жалындап тұрған жас жігіт шағы, оқу орнын бітіре салысымен 1982 жылы ҚР ІІМ Күзет мемлекеттік мекемесінің бөліміне жұмысқа орналасқан. Сол жерде, 2007 жылға дейін қызмет атқарып полиция старшинасы шенінде зейнеткерлікке шыққан.

Қазіргі таңда ел үшін қызмет атқарған Бауыржан ағамыздың екі бірдей ұлы әке ізін жалғап келеді.

«Әкеге қарап ұл өсер, – демекші қос ұлы «әке» атты мектептен тәлім-тәрбие алып, бүгінгі күні ел үшін, халық үшін қызмет етуде. Бұл саланың қызығы мен қиындығы қатар жүретінін жастайларынан ойларына тоқып, бойларына сіңіріп өсседе, есейе келе әке жолын жалғаған.

Үлкен ұлы Абдраимов Артық Бауыржанұлы 1986 жылы тамыз айының 25-і күні дүниеге келген. Жоғары білімімен 2007 жылы ҚР ІІМ ОҚО (қазіргі Түркістан облысы) Бәйдібек ауданы бойынша Күзет мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасқан. Содан соң 2020 жылы тамыз айынан бастап Бәйдібек ауданы полиция бөлімі Кезекші бөлімшесінің аға кезекші лауазымында жұмыс атқаруда, шені полиция старшинасы.

Екінші ұлы Абдраимов Абзал Бауыржанұлы 1989 жылы қаңтар айының 1-і күні туылған. Әкесімен ағасының жолын жалғастыру мақсатында 2012 жылы ҚР ІІМ ОҚО Бәйдібек ауданы бойынша Күзет мемлекеттік мекемесіне жұмысқа орналасқан. 2013 жылы қазіргі таңға дейін Бәйдібек ауданы полиция бөлімі Қылмыстың жасалуына күдіктілер мен айыпталушыларды уақытша қамауда ұстау изоляторының полицейі лауазымында жұмыс атқаруда, шені полиция аға сержанты.

Екі ұлды тәрбиелеп, осы күнге жеткізген әкеміз ұлдарының күнделікті жұмысқа шығып, өз деңгейінде жүктелген міндеттерін атқарып жүргенін көріп қуанатынын айтып көрсетті. Қос қанатының өз істерін жетік деңгейде атқарып жүргенін көргенде көкірегіне қуаныш сезімі ұялайды. Қазіргі таңда ұлдарына сабақ болсын деген мақсатта бұрынғы оқиғаларын айтып, өз тәжірбиесімен бөлісіп отырады. Өз тәжірибесімен бөлісу арқылы екі бірдей ел қорғайтын ұлдарды тәрбиелеп отырған полицей ағамызды отбасы күні мерекесімен құттықтадық. Ал қос ұлы Артық пен Абзалдың игілікті істеріне сәттілік пен жеңіс тілейміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру