Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміржол өткелінде трактор тұрып қалды

СҚО-да трактор істен шығып, теміржол өткелінде тұрып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйек сағат 21:05-те Аққайың ауданы полиция бөлімінің кезекші бөліміне Қиялы және Смирново ауылдарының арасындағы “Жаңа жол” теміржол өткелі үстінде К-700 тракторы сынып, тұрып қалғандығы жөнінде хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына аудандық полиция қызметкерлері шықты.

Аудандағы жауапкершілігі шектеулі серіктестің бірінде жұмыс істейтін 38 жастағы жұмысшының трактордың тіркемесімен аудан орталығына бидай тасымалдап жүргені анықталды. Көлік теміржол өткелінен өте берген кезде сынып қалған: тіркемесінің артқы дөңгелегі кенеттен білектен ажыратылып кеткен. Білек өткелге қысылып қалып, трактор қозғалысын жалғастыра алмады. Аталған теміржол учаскесі арқылы жолаушылар пойыздары жиі өтетіндіктен, теміржолшылар және серіктестік жұмысшыларымен шұғыл іс-шаралар ұйымдастырылып, К-700 тракторы жолдан сүйреп әкетілді. Бұл уақытта полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсізідігін қамтамасыз етті. Сағат 22:00-де көлік құралы қауіпсіз жерге көшірілді. Сағат 22:25-те “Алматы-Петропавл” бағытындағы 15-ші жолаушылар пойызы қозғалысын жалғастырды.

Таң атқан соң, теміржолшылар өткелдің үстін жөндеуге кірісті. К-700 тракторының жүргізушісіне қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 612-бабы 1-бөлігі (Құжаттары жоқ және басқару құқығы жоқ адамның көлiк құралын басқаруы) бойынша және ҚР ӘҚБтК 630-бабының 3-бөлігі (Жолдарды, темiржол өтпелерiн және басқа жол құрылыстарын бүлдiру) бойынша материалдар жиналды, кейін сотқа жолданатын болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру