Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жаяу жүргінші зардап шекті

Петропавлда жол-көлік оқиғасы нәтижесінде жаяу жүргінші зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 қыркүйек күні Петропавлда шамамен сағат 8:30-да Сәтбаев көшесінде қозғалыс реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағында “Volkswagen Passat” автомобилі 1981 жылы туған қала тұрғынын қағып кетті. Әйел 3-қалалық ауруханаға жатқызылды. Көлік тізгінінде болған облыс орталығының 57 жастағы тұрғынына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (Жаяу жүргiншiлердің немесе жол жүрiсiнiң өзге де қатысушыларының жүруiне басымдық бермеу) 600-бабы 1-бөлігі бойынша материал жиналды. Автомобиль арнайы тұраққа қойылды. Петропавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөлімінің қызметкерлері аталған факті бойынша процессуалдық шешім қабылдау үшін қажет қосымша материалдар жинауда.

– Жол қозғалысы қауіпсіздігіне көптеген факторлар әсер етеді, жол жағдайынан бастап, жолдың көрінуіне дейін, алайда, қауіпсіздіктің негізі – жүргізушілермен, жаяу жүргіншілер мен басқа да жол қозғалысы қатысушыларымен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау болып табылады, – деп атап өтті СҚО Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Жол қиылыстары, жаяу жүргіншілер жолағына жақындаған кезде жолдағы жағдайдың кенеттен өзгеруіне дайын болу үшін жылдамдықты азайту қажет. Барлық жол қозғалысына қатысушыларды жолда сақ болуға және жол қозғалысы ережелерін бұлжытпай сақтауға шақырамыз.

Биылға жылғы сегіз айдың ішінде СҚО жолдарында жаяу жүргіншілерді соғып кетумен байланысты 31 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Апаттан алты адам көз жұмып, 29 адам жарақат алған. 12 жағдай жаяу жүргіншілер жолағымен өту ережелерін бұзуымен байланысты орын алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру