Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

4 күн бұрын жоғалған жасөспірімдер ШҚО-дан табылды

Екібастұзда төрт күн бұрын жоғалған кәмелетке толмағандарды Павлодар облысының жедел қызметкерлері ШҚО-дан тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 06 қыркүйекте Екібастұз полициясына кәмелетке толмаған балаларды іздеу туралы ата-аналары өтініш білдірді.

– Бұл күні сағат 20.00 шамасында 2007 жылы туған Екібастұз қаласының ЖОББМ оқушысы және 2002 жылы туған кәмелетке толмаған колледж оқушысы үйден кеткені белгілі болды, – деді Полиция департаменті криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Арман Сәбиев.

Полиция қызметкерлері дереу бағдар жасап, аумақтық бөлімшелерге жіберді. Кәмелетке толмағандарды іздестірумен полиция қызметкерлері, “Vita” және “Легион 14” ЕІЖ еріктілері де, бей-жай қарамайтын азаматтар да айналысты. Бағдарлар барлық жерлерге жабыстырылды.

– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде бірнеше нұсқасы тексерілді. Іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Павлодар облысының жедел қызметкерлері Шығыс Қазақстан облысының полицейлерімен бірлесіп, кәмелетке толмағандардың екеуінде Өскемен қаласындағы қонақ үйлердің бірінде анықтады, – деп түсіндірді Сабиев.

Қазіргі уақытта кәмелетке толмағандарды үйге алып бара жатыр, балалар заңды өкілдеріне беріледі. Полиция заңды өкілдердің жауапкершілігі туралы мәселені қарастыруда.Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бастап Павлодар облысының полициясында хабар-ошарсыз кеткен балаларға қатысты 75 өтініш тіркеліп, олардың барлығы анықталып, үйлеріне қайтарылды.
#dp_pavlodar #polisia.kz #qriim_mvdkz

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру