Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Әкелерімізді мақтан тұтамыз»: қызметте қаза тапқан полиция қызметкерлерінің балалары 

СҚО полицейлері қаза тапқан әріптестерінің қызмет еткен жылдары жайлы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысынан Уәлихан Жаслан мен Антон Гордеев қаза тапқан әкелері – полиция қызметкерлерінің жолын жалғауға шешім қабылдаған. 2006 жылы қаза тапқан Жамбыл ауданының қызметкерлері туралы естелік аудандық полиция музейінде сақтаулы. Болашақ офицерлер қызметтік борышын адал әрі абыроймен атқарған, әкелері қызмет еткен ведомствоға барды. 2006 жылдың қыркүйегінде қызметтік іссапардан келе жатқан Ерік Оспанов пен Александр Гордеев жол-көлік оқиғасында қаза тапқан. Масаң күйдегі жүргізуші жолдың қарсы бағытына шығып кеткен, соның нәтижесінде екі полицей де оқиға орнында көз жұмған. Қаза тапқандардың артында жарлары мен кішкентай балалары қалады.

Ол кезде Уәлихан Жаслан 4 жаста болатын, әкесі жайлы тек туыстарының айтуы бойынша ғана біледі. Музейге келген тұста ол әкесінің қызмет еткен жылдары жайлы біраз мағлұмат алды.

– Мен өз әкемді мақтан тұтамын және полиция офицері болғым келеді. Бөлімде әкем туралы естеліктерді сақтағандарыңыз үшін шексіз ризашылығымды білдіремін. Бұл мен үшін өте маңызды. Мен енді ғана «қызметтік борыштың» не екендігін түсіндім, бұл атақты абыроймен және зор мақтанышпен атқаруға дайынмын, – дейді ҚР ІІМ Қарағанды академиясының курсанты Уәлихан Жаслан.

Антон Гордеев те полицияда қызмет етуге шешім қабылдаған. Ол Жамбыл аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторының полицейі болып жұмыс істейді.

– Осындай кездесулер – барлық жеке құрам үшін патриоттық тәрбиенің көзі. Полицейлер де басқа жандар сияқты бала тәрбиелеп отыр, олардың да жақын адамын жоғалтқанда қайғыратын туыстары бар. 15 жыл бұрын күйеулерін жоғалтқан және балаларын жалғыз тәрбиелеген әйелдердің жан күйзелісі олардың әлі күнге дейін көз алдарында. Біз үнемі оларға қолдау көрсетуге тырысамыз, – дейді Жамбыл ауданының ПБ бастығы Асан Мейрамов.

– Біздің балаларымыз полицияда қызмет етеді, сондықтан барлық қызмет етіп жүрген балалар мен әр отбасының азаматы үйлеріне аман-есен оралса екен деп тілеймін, – дей отыра, Ольга Гордеева музейде кездесу ұйымдастырған полиция бөлімінің басшылығына алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру