Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Елордада аудандық сотпен Zoom арқылы сотталғанның жазасы ауыстырылды

Елордада №2 аудандық сотымен Zoom қосымшасы арқылы сотталғанның жазасы ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Нұр-Сұлтан қаласы Есіл ауданының №2 аудандық сотымен Zoom қосымшасы арқылы К. есімді сотталғанға қатысты жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы Есіл аудандық пробация қызметінің ұсынысы қарастырылып, қанағаттандырылды.

К.есімді сотталған пробация қызметінің есебінде “бас бостандығын шектеу” санаты бойынша пробациялық бақылауда тұрған. Жазасын өтеу кезінде тіркелу үшін белгіленген күндері келмеген және түнгі уақытта тұрғылықты жерінде болмаған. Пробация қызметін хабардай етпей, әкімшілік-аумақтық бірлік шегінен кеткен, тұрғылықты жерін өзгерткен. Сонымен бірге, бірнеше рет қоғамдық тәртіп пен имандылыққа қолсұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтарды жасап, әкімшілік жауапкершілікке тартылған.

Есіл ауданы № 2 аудандық сотының 21 қаңтарындағы қаулысымен бас бостандығын шектеу түріндегі жазаның өтелмеген бөлігі бір жыл бес ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру