Әкімшілік айыппұлдары бар елордалықтарға 1600-ге жуық хабарлама жіберілді
Әкімшілік айыппұлдары бар елордалықтарға 1600-ге жуық хабарлама жіберілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Борышкер» алдын алу іс-шарасы әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі барларды, сондай-ақ көрінеу жалған нөмірлері бар көлік құралдарын басқарушыларды анықтау мақсатында өткізілді.
Жұмыс жеке сот орындаушыларымен бірлесіп, әкімшілік айыппұлдарды өндіріп алу туралы қаулыларды орындау, хабарламалар беру бойынша жүргізілді.
Іс-шара өткізудің төрт күнінде 38 миллион теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдар бойынша берешегі бар туралы 1600-ге жуық хабарлама берілді. 31 миллион теңгеден астам сомаға 1 516 айыппұл өндірілді.
Коммуналдық тұраққа 19 көлік құралы қойылды.
ЖАІШ өткізу кезінде полиция қызметкерлері Ресей Федерациясында тіркелген ВАЗ 2114 автокөлікті тоқтатты. Көлік құралының жүргізушісі бір айда 16 әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды, олар бойынша полиция қызметкерлері 450 мың теңгеден астам сомаға хабарлама берген. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды.