Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Аккумулятор ұрлаған қылмыстық топ ұсталды

Жамбыл облысында тұрақты түрде аккумулятор ұрлығымен айналысқан қылмыстық топ анықталды,-деп хабарлайды Polisia.kz тілшісі.

2019 жылдың ақпан айынан сәуір айына дейін Жамбыл облысы Байзақ ауданы аумағында ұялы байланыс операторларының базалық станцияларынан бірнеше аккумулятор ұрланған.

Жедел-тергеу тобы құрылып,оны өз ісінің шебері, Байзақ аудандық полиция бөлімі тергеу бөлімшесінің аға тергеушісі Асылбек Нұртаев басқарды.

Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде осы ауданның төрт тұрғынынан тұратын қылмыстық топ анықталып, ұсталды.

Олар оқиға орнында «ВАЗ-21099 «маркалы Ресей нөмірімен тіркелеген  автомобилін пайдаланған.

 

Қылмыскерлердің есебі бойынша Қазақстанда тіркелмеген көлік тиімді және оны іздеу қиынға соғады. Нәтижесінде осы қылмыстық топтың ішінде тоғыз ұқсас қылмыс бар, олар кінәсін толығымен мойындады.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматтар ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру