Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жол-көлік апатынан 2 адам көз жұмды

Жамбыл облысында жүргізушінің жол жүру ережелерін сақтамау салдарынан екі адам оқиға орнында көз жұмды,-деп хабарлайды Polisia.kz.

2019 жылдың 12 айы Жамбыл облысының аумағында шет елдерден тіркелген көлік құралдарының қатысуымен 52 жол-көлік оқиғасы орын алып, 16 адам қаза тауып, 104 адам түрлі дене жарақатын алды.

Мысалы, 14.07.2019 жылы сағат 05:00 шамасында Қордай ауданындағы “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” Республикалық маңызы бар автомобиль жолының 196 шақырымында Қордай ауданындағы “Рено Премиум” маркалы мемлекеттік нөмірі “08 KG ХХХ ABF” (Қырғыз Республикасында тіркелген) автокөлігінің жүргізушісі “ҚР Жол қозғалысы ережелерінің” талаптарын сақтамай, жол жиегінде орналасқан “Опель Омега” маркалы мемлекеттік нөмірі “X ХХХ YLN”автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік апатының  нәтижесінде алған дене жарақатынан екі адам оқиға орнында көз жұмды. Екі адам Қордай орталық аудандық ауруханасы жеткізілді.

Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі («Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы, абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет») бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілді.

Қордай аудандық сотының шешімімен көлік жүргізушісі бес жылға бас бостандығынан айырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру