Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қайырымдылық акцияларын пробация қызметі тұрақты негізде өткізеді

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖД Қызылжар аудандық пробация қызметінің мамандары қамқоршыларға көмек көрсетті.

Пробация қызметтің міндеті-шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған азаматтарға қоғамның бір бөлігі болуға көмектесу. Олар өз қамқорлығындағы адамдардың көптеген әлеуметтік мәселелерін шеше отырып, мамандандырылған институттың инспекторлары сотталғандардың тұрмыстық мәселелеріне де немқұрайлы қарамайды.

Қызылжар аудандық пробация қызметі мамандары есепте тұрған N есімді азаматшаға көңіл бөлді. Оның отбасында жағымды жаңалық орын алып, сәби дүниеге келді. Осыны ескере отырып, пробациялық бақылауды жүзеге асыратын өкілдер отбасына балаларға арналған алғашқы қажетті заттар мен азық-түлік әкелді. Тағы қайырымдылық акцияларын пробация қызметі тұрақты негізде өткізеді. Мамандардың айтуынша, тәжірибе сотталғандарға түзету жолына тұруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру