Әл-Фараби даңғылындағы патрульдік полицияның не үшін тұрғандығын полицияда айтты
Әл-Фарабиде патрульдік полиция қызметкерлерінің не үшін тұрғандығын Алматы қаласы әкімшілік полициясының бастығы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қала жүргізушілерін Әл-Фараби даңғылы мен Навои көшесінің қиылысында патрульдік полиция қызметкерлерінің не үшін тұрғандығы қызықтырады.
Осы постта СБ ӘПБ патрульдік полиция инспекторлары жол қозғалысы қатысушыларының жолдағы тәртіпті және жол ережелерін сақтауын қамтамасыз ету мақсатында кезекшілік етеді.
Тәртіп сақшылары жүк көліктерінің әл-Фараби даңғылы бойымен қозғалуына рұқсаты бар-жоғын тексереді. Көптеген жүргізушілер білетіндей, жүк көліктерінің арнайы рұқсаты болмаса, әл-Фараби даңғылымен жүруге тыйым салынған. Сондай-ақ, біздің инспекторлар ЖЖЕ бұзушыларды анықтайды: бұл мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралы, қараңғыланған автокөлік, көлік құралдарын пайдалану ережелеріне қайшы жүретін жүргізушілер, белгілеуді бұзу және т.б. Сонымен қатар, бұл қызметкерлер Алматы қаласы жедел басқару орталығынан келетін дабылдарға да жауап береді. Мысалы, ұрланған көлік құралының бағдарына қатысты, іздеудегі көлік құралы және басқа хабарламалар.
– Бұл бекетке мамандандырылған батальонның патрульдік полиция экипаждары кезектесіп түседі және
ешкімді себепсіз тоқтатпайды. Сізді құжаттарды тексеру үшін тоқтата алмайды, – деді Алматы қалалық ПД әкімшілік Полиция басқармасының бастығы Жандос Мұратәлиев.
Сонымен қатар, полиция полковнигі жыл басынан бері көлік басқару құқығынан айырылған КҚ басқаруға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне енгізіліген түзетулер күшіне енгендігін еске салды.
Бағыттардың реттелуі және күштердің бөлінуінің арқасында, біздің қаланың жолдарында осындай 300-ден астам жүргізушілер анықталды, олардың 90-ы әкімшілік қамауға алынды.