Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тыйым салынған материалдарды таратқан тұрғынға айыппұл салынды

Түркістан облысының тұрғынына тыйым салынған материалдарды таратқаны үшін айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу кезінде Түркістан облысы ПД экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері “ВКонтакте” қолданушыларының бірінің парақшасында діни мазмұндағы тыйым салынған материалдарды анықтады. Полицейлер Кентау қаласының тұрғыны Қазақстан Республикасының аумағында дәрістеріне тыйым салынған деструктивті діни ағым көшбасшыларының материалдарын әлеуметтік желіге орналастырғаны айқындалды.

Нәтижесінде Кентау қаласының тұрғыны ҚР ӘҚБтК-нің 490-бабының 1-бөлігі (Діни мазмұндағы материалдарды заңсыз тарату) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, 138 900 теңге айыппұл салынды.

Жыл басынан бері Түркістан облысының полицейлері деструктивті діни ағым жақтаушылары арасынан әкімшілік заңнаманы бұзған 350-ден астам тұлғаны анықтады. Өз кезегінде, тәртіп сақшылары облыс тұрғындарына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ресми интернет-ресурстарынан алынған әдебиеттер мен материалдарды басшылыққа алу қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру