Алаяқ 7 ақмолалықты алдап кетті
Алаяқ жеті ақмолалықты алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұрын жасалған қылмыстардың ашылуы Ақмола облысы ПД басшылығының тұрақты бақылауында.
Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында криминалдық полиция құрылымдарының қызметкерлері облыс орталығының 18 жастағы тұрғынын ұстады.
Қаскүнем танымал интернет-қосымшаны пайдалана отырып, Ақмола облысы тұрғындарының қаражатын алаяқтық жолмен иемденгені анықталды. Қаскүнемнің қолынан барлығы жеті адам зардап шекті.
Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінде Степногорск қаласының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын хабарландыру сайтындағы пәтерлерді жалға беру бөлімінде белгісіз біреу алдау жолымен 40 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын иемденгені туралы өтінішпен жүгінді.
Тергеу барысында күдіктінің сол схема бойынша интернет-қосымшасы арқылы алаяқтық әрекеттер жасағаны анықталды, яғни азаматтар пәтерді жалға беру бөлімінде хабарландыруда көрсетілген нөмір бойынша шарттарды талқылап, содан кейін әртүрлі банктік карталарға ақша аудару түрінде алдын ала төлем жіберді. Әрі қарай, көрсетілген ұялы телефон нөмірі өшіріледі. Ағымдағы жылдың қыркүйек-қазан айлары аралығында зардап шеккен жеті өңір тұрғыны полицияға жүгінді.
Қазіргі уақытта барлық фактілер бойынша ҚР ҚК 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі іс жүргізу басталды.
Ақмола полицейлері азаматтарды заңға қайшы әрекеттерден сақ болуға шақырады, егер зардап шеккен болсаңыз, Ақмола облысының Полиция департаментіне Н.Назарбаев даңғылы 35А мекенжайы бойынша хабарласуды немесе 8 (7162) 29-10-07; 29-90-13 немесе «102» телефондарына қоңырау шалуды сұраймыз.