«Жұмысқа тұрғызып беремін»: Шымкентте тұрғынды алаяқ алдап кетті
Шымкенттік полицейлер «жұмысқа тұрғызып беремін» деп, алдап кеткен азаматты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қаратау ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында, танысы жедел-жәрдем қызметіне жүргізуші ретінде «жұмысқа орналастырып беремін» деп, сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 480 мың теңгесін алып, осы уақытқа дейін жұмысқа кіргізбей немесе ақшасын қайтармай алаяқтық жолмен алдап жүргенін көрсеткен.
Аталған жайт бойынша, жедел іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында Қаратау АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлерімен жергілікті жердің тұрғыны анықталып, тиісті мекемеге жеткізілді.