Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында жол ережесін бұзған автобус жүргізушілері жауапқа тартылды

Павлодар облысында жол ережесін бұзған автобус жүргізушілері жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 қазанда кезекті профилактикалық рейд кезінде, сондай-ақ “Автобус” жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында Успен ауданының полицейлері қоғамдық көлік жүргізушілері жасаған бұзушылықтарды анықтады.
Мысалы, полиция қызметкерлері аудан ауылдары арасында жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын екі жүргізушіні автокөлікті басқару кезінде ұялы телефондарды қолданғанын байқады.

– Екі жүргізуші де ҚР ӘҚБК 591-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді Павлодар облысы Успен аудандық полиция бөлімі бастығының бірінші орынбасары Әсет Садықов және автобустың тағы бір жүргізушісі жол жүру ережелерін бұзғанын-қиылыста солға бұрылған кезде ол қозғалыстың басқа қатысушыларына сигнал бермегенін айтты.

Ол үшін ҚР ӘҚБК 595-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы 4-13 қазан аралығында өткізіледі және қоғамдық көлікті басқаратын жүргізушілер тарапынан бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.

Жалпы, жедел алдын алу іс-шарасын өткізу кезеңінде Успен ауданының полицейлері жол жүру ережелерін бұзған төрт қоғамдық көлік жүргізушісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру