Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Суық қару сатпақ болған семейлік студент ұсталды

Суық қару сатпақ болған семейлік студент ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың қазан айының басында Семей қ. ПБ Әуезов ПБ қызметкері әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында онлайн хабарландырулар платформасының “спорттық коллекция” санатында белгісіз біреу кастет суық қаруын заңсыз сатпақ болған жарнаманы байқаған.

– Аталған ақпаратты тексеру үшін Криминалдық полиция бөлімінен арнайы топ құрылды. Белгісіз біреуді анықтау үшін полиция қызметкері өзін сатып алушы ретінде таныстырады. Сатушы заң бойынша алып жүруге рұқсат етілмеген суық қаруды тұрғылықты жерінен өзімен бірге алып, тұтынушыға жеткізбек болады. Нәтижесінде күдіктінің Семей қаласының 18 жастағы тұрғыны екені белгілі болады. Жауап алу барысында студент кінәсін мойындады, – деді Семей қ. Полиция басқармасының бастығы Шалқар Құнанбаев.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру