Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай облысы ПД спорттық және шығармашылық жетістіктері үшін 10-нан астам қызмет марапатталды

Қостанай облысы ПД спорттық және шығармашылық жетістіктері үшін 10-нан астам қызмет марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев ПД жеке құрамы арасында жауынгерлік және қызметтік дайындық сабақтарын өткізу аясында жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткізген полиция қызметкерлерін ІІМ логотипі бар грамоталармен және сағаттармен марапаттады. Іс-шара ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге орай ұйымдастырылды.

Полиция полковнигі облыс департаментінің басшылығы тәртіп сақшыларының жетістіктеріне ерекше көңіл бөлетінін, олардың ішкі істер органдарының оң имиджін қалыптастыруға қосқан үлестерін көтермелейтінін атап өтті.

– Біздің қызметкерлеріміздің осындай жоғары жеңістері жеке құрамды ынталандыруға үлкен үлес қосады, жаңа спорттық нәтижелер жасауға шабыттандырады. Біз қызметкерлер арасындағы жетістіктерді одан әрі көтермелейтін боламыз, – деді Ардақ Ынтықбаев.

Бүгінде полицей – бұл өзінің қызметтік борышын атқарып жүрген қызметкер ғана емес, жан-жақты тұлға, оның ішінде талантты қыз- жігіттер аз емес.

ІІМ кубогы, грамотасы және сағатымен полиция полковнигі облыстық “Көкпар – 2021” жарыстарында бірінші орын алған “Динамо” командасының капитаны Бақдәулет Асанов пен взвод командирі Нармахан Керимбаевты марапаттады. Айта кету керек, бұл команда 2018 жылдан бері облыс чемпионы.

Сағатпен, кубокпен, медальмен және грамотамен ПД ЖҚАЖ қызметкерлері марапатталды: Беларусь және Татарстан республикаларында халықаралық турнирлерде және Ақтау қаласында спорттық жауынгерлік самбодан республикалық турнирде бірінші орын алған полицияның аға лейтенанты Асқар Абдулла; Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында джиу-джитсу бойынша Азия чемпионатында жүлделі екінші орын алған полиция капитаны Аманбек Жаманқараев.

Медаль және грамотамен ЖҚАЖ инспекторы полиция аға лейтенанты Алмас Жумагали, қазақша күрестен және “Қазақстан Барысы” чемпионатына іріктеуден екінші орын алған, қазақша күрестен “Қостанай қыраны” және Дзюдо және Грэплинг күресінен қалалық және облыстық турнирлерде бірінші орын алған; Ақтау қаласында спорттық және жауынгерлік самбодан жүлделі екінші орын алған ЖҚАЖ инспекторы полиция капитаны Сая Ауельбекова; Қазақстан Республикасының грэпплинг бойынша кубогында үшінші орын алған полиция старшинасы Қайрат Жукенов.
Сонымен қатар, өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарғаны, кәсіби шеберлігі және мемлекеттік тілді насихаттағаны үшін облыс ПД бастығының орынбасары Ардақ Ынтықбаев алты полиция қызметкеріне ІІМ-нің грамоталарын және сағаттарын табыстады.

Полиция қызметкерлері Кира Гартман, Ернур Алтаев, Бакдаулет Асанов, Аманат Какимжанов, Вячеслав Нуржанов және Ерлик Сураганов мемлекеттік тілді насихаттау бойынша республикалық және облыстық іс-шаралардың тұрақты қатысушылары және жеңімпаздары, сондай-ақ облыстық телебағдарламалар мен имидждік бейнероликтердің спикерлері болып табылады. Тәртіп сақшылары мемлекеттік тілді жақсы меңгеріп қана қоймай, оны азаматтармен күнделікті жұмыста қолданады.

Сондай-ақ, Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік тілдің рөлін дамытуға және нығайтуға қосқан үлесі үшін ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың алғыс хаттарымен облыс ПД қызметкерлері Кира Гартман мен Ренат Набиев марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру