Алаяқ алдау арқылы бөтен біреудің ұялы телефонын иемденген
Жамбыл облысының полицейлері алдау арқылы бөтен біреудің ұялы телефонын иемденген азаматты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2020 жылдың 16 қарашасында Жамбыл облысының Байзақ ауданы Көктал ауылының 57 жастағы тұрғыны Тараз қаласы ПБ №1 полиция бөліміне биылғы жылдың 1 қарашасында Жамбыл даңғылы бойындағы «Еркойл» ғимаратында белгісіз тұлғаның алдау жолымен сеніміне кіріп, одан қоңырау соғу үшін телефонын сұрағаны, содан кейін оның құны 25 000 теңге тұратын «Sumsung Galaxy G1» маркалы ұялы телефонын иемденіп кеткені туралы шағымданған.
Бұл факт бойынша кезекші тәулікте » ізін суытпай » облыс орталығының 16 жастағы тұрғыны ұсталды, ол өз кінәсін толық мойындады. Ұялы телефон тәркіленді.
Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 1-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.