Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ ақмолалықтың атынан AnyDesk қосымшасы арқылы несие алған

Алаяқ ақмолалықтың атынан AnyDesk қосымшасы арқылы несие алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы аясында қашықтан басқару бағдарламасын пайдалана отырып жасалған қылмысты ашты.

Бұған дейін Ақкөл полиция бөліміне жүгінген 34 жастағы жергілікті тұрғын полицияға ағымдағы жылдың 27 қазанында белгісіз адам өзін «ҚР Банктері қауымдастығының» қауіпсіздік қызметінің қызметкері ретінде таныстырып, жәбірленушіге оның банктік шотындағы күдікті операциялар және ақша қаражатын қауіпсіз ұяшыққа аудару қажеттілігі туралы хабарлады.

Алаяқ жәбірленушіге телефонға AnyDesk қашықтан қол жеткізу бағдарламасын орнатуды ұсынды, оның көмегімен жәбірленушінің атына жалпы сомасы 700 мың теңгеге несие ресімдеген.

Жедел-іздестіру шаралары барысында жедел уәкілдер бұрын қылмыстық жауапкершілікке тартылмаған 21 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының тұрғынын анықтап, ұстады.

Аталған факті бойынша тергеу бөлімі ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру