Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақпараттық-насихаттау тобының құрамындағы Ақмола полицейлері көкшетаулық студенттермен кездесті

Ақпараттық-насихаттау тобының құрамындағы Ақмола полицейлері облыс орталығының жоғары, техникалық және кәсіптік білім беретін оқу орындарына баруда, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақсаты – нашақорлық және діни қатынастар саласындағы құқықтық сауаттылық мәселелерінде студенттерді бағдарлау, мемлекеттік бағдарламалар және олардың іске асырылуы, сондай-ақ мемлекеттік саясаттың қағидаттары туралы хабардар ету.

Іс-шараның бастамашысы Көкшетау қаласының Жастар ресурстық орталығы болды.

7 ақпанда Ақпараттық-насихаттау тобы “Арна” колледжіне барып, барлық санитарлық нормаларды сақтай отырып, 2-3 курс студенттерімен кездесті.

Тыңдаушыларға діни ағымдардың мәні және экстремизм мен терроризмнің алдын алу туралы теолог, жастар арасында танымал есірткілерді пайдаланудың зияны және соңғылардың есірткі бизнесіне тартылуы туралы, жұмыспен қамту бөлімінің маманы студенттерді жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастыру жайында қолданыстағы бағдарламалар, қоғамдық жұмыстар туралы ақпарат ұсынды.

– Ақпараттық-насихаттау тобының дәл осы құрамда шыққандығы кездейсоқ емес. Спикерлердің тақырыптары қандай да бір дәрежеде үндесті. Мысалы, жасөспірімдер мен жастарды экстремизм мен нашақорлыққа тарту негізінен интернет желісі арқылы жүзеге асырылады, алдын алу қағидаттары да ұқсас. Ал деструктивті діни ағымдар мен есірткі бизнесіне түспеудің ең жақсы тәсілі – бұл жастардың құқықтық сауаттылығы, қызығушылығы мен жұмыспен қамтылуы. Соңғысы Көкшетау қаласының жұмыспен қамту және ЖРО бөлімінің мамандарымен ұсынылды, – деп атап өтті Ақмола облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкері Разия Курсанова.

Бір апта ішінде Ақпараттық-насихаттау тобы Көкшетау қаласының барлық колледж студенттерін ақпараттандырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру