Алаяқ ақтөбеліктің ақшасын жымқырып кетті
Ақтөбе қаласының тұрғыны алаяққа алданып, ірі көлемді ақшасынан айырылып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Биыл ақпан айында Нұр-сұлтан қаласының 37 жастағы тұрғыны Ақтөбе қаласында алдау жолымен (Атырау қаласына құрылыс объектісін беру және бірлесіп сату сылтауымен) 380.000 теңге көлемінде ақшаны иемденген. Жәбірленуші шілде айында полицияға жүгінді.
2020 жылдың наурыз айының басында Ақтөбе қаласының 31 жастағы тұрғыны 25 жастағы кәсіпкерге тиесілі 3,68 млн теңге ақшасын алдап алып кеткен. Жәбірленуші полицияға 2020 жылдың шілде айында жүгінді. Күдікті ұсталды, оған қатысты «ешқайда кетпеу және тиісті мінез-құлық туралы қолхат» бұлтартпау шарасы таңдалған. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Сондай-ақ, шілде айында белгісіз адам банк қызметкері болып танысып, 22 жастағы тұрғынға хабарласып, біреу шотты бұзғысы келеді деп қорқытып, алдау жолымен интернет ресурстарын пайдалану арқылы банк картасының реквизиттерін иемденіп алған. Кейін алаяқ 220 мың теңге сомасында ақша аударған. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді алаяқтардың құрбаны болмау үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Бейтаныс адамдарға бағалы заттарды немесе ақшаны табыстау кезінде мұқият болу қажет.