Алаяқ әріптесіне алданған тұрғын көмекке келген полицейге алғысын білдірді
Павлодар облысының тұрғыны Ольгино ауылының тұрғыны Валентина Александровна Смағұлова Павлодар облысы Успен ауданы полициясына алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тұрғын криминалдық полиция бөлімшесінің аға жедел уәкілі Берік Абитовке оның ортақ сомада 650 мың теңге ақша қаражатын алып кеткен ер адамды қысқа мерзімде анықтап ұстағаны үшін алғысын білдірді.
Валентина Смағұлова оның әріптесі сенімін теріс пайдаланып, алдау жолымен жинаған қаражатын алып кеткенін айтты.
Ол Валентина Смағұлованың ұлына көлік сатып бермек болғанын біліп алып, тиімті сатып алуға көмектесуге асыққан. Валентинадан көлемді соманы алған соң, ынталы әріптесінің ізі суып кетті. Ол келесіде жұмысқа да шықпай, телефонға да жауап бермеді. Ары қарай не істерін білмей уайымға батқан Валентина полиция телефон шалып, көмек сұрады.
Полицейлермен ер адам Нұр-Сұлтан қаласында ұсталды.