Алаяқ Өскемен тұрғынын 20 млн теңгеге алдап кеткен
Алаяқ Өскемен тұрғынын 20 млн теңгеге алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскемендікті 20 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқты облыс орталығының полицейлері ұстап алған.
Өскемен қаласы Үлбі полиция бөлімінің «102» жедел арнасына қаладағы ЖШС директорының бірі жүгінген. Арызданушының айтуынша, жыл басында бейтаныс ер адам спорттық құрал-жабдықтарды сатып алу-сатумен айналысатынын айтып, алаяқтық жолмен 20 миллион теңгені иемденіп алған, жәбірленуші оған ақшаны Спорт сарайы маңында тапсырған.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде криминалдық полиция қызметкерлері Өскеменнің 25 жастағы тұрғынын ұстаған, ол мойындау көрсетпесін берген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.