Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқ шымкенттік тұрғынды 2,7 млн теңгеге алдап кетті

Алаяқ шымкенттік тұрғынды 2,7 млн. теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын алаяқтың құрбаны болғаны жөнінде шағым түсірген. Жәбірленуші қыздың айтуынша, оның танысы “компания шотына ақша салсаң, екі еселеп қайтарып аласың» деп алдаған. Кәсіп тапқанына қуанған әйел 2,7 млн. теңгесін берген. Екі айда ақшаң еселеп қайтады деген алаяқ уәдесін орындамаған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кіріскен. Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, нәтижесінде осы жайтқа қатысты 50 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Анықталғандай, алаяқтықты кәсіп етіп, оңай жолмен пайда табу мақсатында жәбірленушіні алдап, аз уақыт ішінде ақша табатынына сендіріп, алаяқтық жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсаған. Қазіргі таңда сотқа дейінге тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру