Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті

Қостанайлық полицейлер кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығының тәрбиеленушілерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында “Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық, темекі шегу” тақырыбында оқушылармен кездесу өтті. Кездесуді Қостанай облысының ПД Ювеналды полиция және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері бірлесіп ұйымдастырды.

Әр қатысушы полицейлерге өз сұрақтарын қойып, жасөспірімдер түрлі сауалдарға толық жауап алу арқылы кездесу еркін форматта өтті.

Ювеналды полиция қызметкері Дариға Алшымбайқызы электронды темекі, алкогольді ішімдіктерді пайдалану сияқты өзекті мәселелерге кеңінен тоқталып, оларды тұтынудың әкімшілік жауапкершілігі туралы айтып берді.

– Біз жастар арасындағы нашақорлық жағдайларын барынша азайту міндетін қойып отырмыз. Есірткі тәуелділігінің пайда болу факторлары мен зияны туралы ғана емес, сонымен қатар оларды таратқаны үшін қолданылатын құқықтық жауапкершілік туралы да айтылды. Кездесу өте қызықты және мазмұнды болды, мұны тәрбиеленушілер тарапынан қойылған көптеген сұрақтар мен олардың әңгімеге белсенді қатысуы арқылы байқауға болады, – деп атап өтті облыстық ПД УПН қызметкері Айгүл Ерадилова.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері жастар арасында алдын алу жұмыстарын жүргізу бүгінде нашақорлыққа қарсы күрестегі басты міндеттерінің бірі деп біледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру