Алаяқ ұялы телефонды заңсыз иемденген
Қарағандылық полицейлер бөтен біреудің ұялы телефонын алаяқтық жолмен иемденген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
28 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 43 жастағы қала тұрғыны хабарласып, белгісіз біреудің қоңырау шалуға ұялы телефонын сұрап алып, қашып кеткені туралы шағымданды.
Шығын көлемі 25 мың теңгені құрайтын бұл фактіге байланысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
30 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасауға күдікті ретінде 37 жастағы ер адамды ұстады. Күдікті қылмысын мойындап, тергеу жалғасуда.