Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тон ұрлаған азамат ұсталды

Қарағанды қаласында қой терісінен тігілген тон ұрлаған ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

29 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Оңтүстік-шығыс полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабарласып, қой терісінен тігілген тонын белгісіз біреулердің ұрлап кеткендігі туралы шағымданды.

Үй иесі тонын есік алдына іліп қойған, тонның қараусыз қалғанын ұтымды пайдаланған күдікті оны алып кеткен.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 50 мың теңгені құрады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұлттық гвардия әскери қызметшілермен бірге жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу барысында полиция қызметкерлері 53 жастағы күдіктіні ұстады.

Айғақ зат тәркіленіп, жәбірленушіге қайтарылды. Тергеу жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру