Алаяққа алданған Павлодар облысының тұрғыны полицей қызметкеріне алғыс білдірді
Железин ауданы полиция бөліміне алғыс сөздерімен Прииртышск ауылының тұрғыны жүгінді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Меруерт Сеитова криминалдық полиция бөлімшесі қызметкерлері мен бастықтың тергеу ісі жөніндегі орынбасары Бауыржан Ауталяповқа алғыс жолдады. Тұрғынның айтуынша, пластик әйнек орнату шеберіне 90 мың теңге беріп, кейіннен алданып қалған. Алданған Меруерт Сеитова полицияға хабарласып, көмек сұраған.
Тәртіп сақшыларының жедел қызметі арқасында Павлодар қаласының 43 жастағы тұрғыны ұсталды.