Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтың арбауына түскен тұрғындар полицияға жүгінді

Ақтөбе қаласында алаяқтық фактілері орын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 қыркүйекте белгісіз адам «Instagram» қосымшасы арқылы 37 жастағы ақтөбеліктің 100 мың теңгесін иемденген. Алаяқ әйелге «VexKazakhstan» аккаунты арқылы ақшасын еселендіремін деген сылтаумен сеніміне кірген. Әйел оның сөзіне сеніп, «KIWI әмиян» арқылы 100 мың теңге аударған. Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізуде.

Екінші факті 16 қыркүйекте орын алған. Полицияға Ақтөбенің 30 жастағы тұрғыны алаяқтық туралы арызбен жүгінген. Ер адам 2020 жылдың маусым айында алаяқтың құрбаны болғанын айтты. Оның айтуынша, алаяқ оны Ақтөбе қаласының құрылыс компаниясына жұмысқа орналастыруға уәде берген. Атап айтқанда, жәбірленуші күдіктіге Ақтөбе қаласының 25 жастағы тұрғынына 50 мың теңге сомасында ақша берген. Белгілі болғандай, күдікті бұрын алаяқтық үшін сотталған. Күдікті ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу басталды.

Ақтөбе облысы ПД ақтөбеліктерді қырағы болуға және интернетпен өзге алаяқтардың арбауына түспеуге шақырады. Жеке мүлік пен ақшаны сақтау мақсатында әрдайым деректерді қайта тексеруді, әлі көрсетілмеген және алынбаған қызметтер немесе тауарлар үшін төлем жасамау қажеттігін ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру