Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тас жолды қайта жаңарту құрылыс жұмыстары жүргізілуде

Жол қозғалысы қауіпсіздігі Атырау полицейлерінің назарында, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Құрманғазы ауданы аумағынан өтіп жатқан республикалық маңыздағы Ақтөбе – Атырау- Астрахань тас жолының 795-890 шақырымдар аралығында жолды қайта жаңарту құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Аудан полицейлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында жол құрылыс жұмыстарын
жүргізіп жатқан жауапкершілігі шектеулі серіктестік жұмысшыларымен кездесіп, айналма жолдарды күтіп ұстау, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында әңгімелесулер өткізіп, тексерулер жүргізуде.

Полиция бөлімінің жол және техникалық инспекция тобымен күні бүгінге 23 жол тексеру актілері рәсімделіп, жол белгілерін орнату, шаң басу жұмыстарын орындау, т.б. нұскамалар берілді.
Нәтижесінде, күні бүгін 445 уақытша жол белгілері және бір нысанға бағдаршам орнатылды.
Талдау көрсеткендей,  Актобе – Атырау – Астрахань тас жолы бөлігінде биыл жыл басынан жол-көлік оқиғасы орын алған жоқ, былтыр 2019 жылы төрт жол-көлік оқиғасы салдарынан сегіз адам әр-түрлі дене жарақатын алған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру