Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алаяқтық қылмысқа күдікті ұсталды

Атырауда іздеуде жүрген алаяқтық қылмысқа күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«Гарант 24 Ломбард» ЖШС-нің салымшыларын қаржы пирамидасына тарту және алаяқтық деректері бойынша биылғы ақпан айынан бері іздеу жарияланған адам анықталып, ұсталды.

Атырау облысы Полиция департаментінің қызметкерлері  Батыс Қазақстан облысындағы әріптестерімен бірлесіп жүргізген жедел іздестіру шаралары нәтижесінде күдіктіні Орал қаласы аумағында қолға түсірді.

Ұсталған адам уақытша оқшаулау орнына қамауға алынды.

Естеріңізге сала кетейік, 2020 жылғы ақпан айынан
Полиция департаментіне «Гарант 24 Ломбард», ЖШС-не және «Нурали Капитал», «Выгодный займ» микрокредиттік ұйымдарының филиал басшыларына тұрғындардың жылжымалы және жылжымайтын мүліктерін, ақшалай қаражатын заңсыз иемденіп алу әрекеттеріне қатысты түскен өтініштер негізінде қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру