Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер Абайдың әнін орындады

Түркістандық полицейлер Абайға арнап ән орындады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Үкіметтің қаулысымен 10 тамыз қазақтың ақыны Абай Құнанбаевтың құрметінеАбай күніболып жарияланды. Айтулы күн мемлекетіміздің мерекелер күнтізбесіне енгізілді. Демек ақиық ақынның шығармашылығын, қалдырған құнды жазбаларын ұрпақтан ұрпаққа дәстүрлі түрде жеткізіп, жыл сайын атап өтуге керемет мүмкіндік берілді. Мұндай мүмкіндікті Түркістан облысының полицейлері де жіберіп алмады. Ақынның өлеңдерін сүйіп оқитын полиция қызметкерлері көпшілікке кеңінен танымал Көзімнің қарасыәнін шырқады. Олар Абайға деген сағынышты сезіне отырып, өлеңді жүрекпен орындады.Бұдан бөлек облыстық полицейлер Абай күніне тарту ретінде оның қара сөздері мен шығармашылығынан үзінділер оқып, көпшілікке ұсынған. Формадағы сақшылар ұлы кемеңгерге деген құрметін осылай көрсетті.

Қазақ халқының жазба әдебиетінің негізін салған ақын Абай күні мерекесі баршамызға құтты болсын! Абай мұрасы мәңгілік жасасын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру