Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Александр Зеленский: «Бұл нағыз ерлерге арналған жұмыс»

Павлодар облысының отставкадағы милиция майоры Александр Зеленский қызметі жайында айтып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отставкадағы милиция майоры Александр Зеленский 1979 жылы Павлодар ауданының ІІБ-да қылмыстық іздестірудің қарапайым жүргізушісі қызметіне келіп түсті. Еңбек жолы қарапайым жүргізушіден аға жедел уәкілге дейін бір бөлімшеде өтті. Құрметті демалысқа 1997 жылы шықты.

– 1995 жылдың қазан айының соңында Павлодар ауданы ауылдарының бірінде 120 бас жылқы ұрланды. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында жылқылар жақын маңдағы бірнеше елді мекендерден табылды. Ұрланған жылқылардың бір бөлігін мал ұрлаушылар етке сойып үлгерген. Жедел ақпарат бойынша тағы 20 жылқы облыс орталығының Ленин көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Таңертең мекенжайға келіп, мен жедел тергеу тобын күтпестен байланған жылқыларды көрдім, оның біріне отырдым да, жылқылар табынын сол кезде К.Маркс көшесінде орналасқан аудандық ішкі істер бөлімінің ауласына өз бетімен айдап әкелдім. Балалар таңертең жұмысқа келгенде өз көздеріне сенбеді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, көшпелі сот отырысы ауылда қылмыс жасалған жерде өтті. Қылмыскерлер заң бойынша белгіленген мерзімге жазаланды , – деп еске алады ардагер Александр Иванович.

Ол үшін қылмыстық іздестіру не деген сұраққа, ардагер, бұл нағыз ерлер істейтін жұмыс деп жауап берді. Демалыста Александр Иванович жай отырмайды. Құрметті ардагер «Ақ Сұңқар Секьюрити» ЖШС күзет қызметінің бастығы болып еңбек етеді. Бос уақытында спортпен шұғылданады, сүйікті спорт түрі – бокс, сонымен қатар техникамен айналысады. Жұбайы Надежда Семеновнамен бірге ұлы Вадим мен қызы Юлияны тәрбиелеп өсірді, қазір алты немересі өсіп келеді, олар барлық бос уақыттарын немерелеріне арнайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру