Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының полицейлері жасырын есірткі қойып кетушіні құрықтады

Ақмола облысының полицейлері жасырын есірткі қойып кетушіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Синтетикалық есірткінің кезекті жасырын қойып кетушісін есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері тікелей жұмыс орнында ұстады. 25 жастағы ақмолалық еш жерде ресми түрде жұмыс істемейтіні белгілі болды, ал отбасын асырауға ақшаны заңсыз жолмен тапқан.

Арнайы операция аясында жедел уәкілдер ақ түсті ұнтақты консистенциясы бар 30 полиэтилен түйіншегін тауып, тәркіледі. Сараптама көрсеткендей, бұл зат а-PVP синтетикалық препараты.

Ақмолалықтың айтуы бойынша, осылайша ол жеңіл ақша тапқысы келген, оның жұбайымен бірге жас баланы тәрбиелеп жатқаны белгілі.

Осы фактіге қатысты полицейлер ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі (Есірткі заттарымен заңсыз жұмыс істеу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру