Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да полицейлер синтетикалық есірткіні интернет арқылы сатудың жолын кесті

ШҚО-да полицейлер синтетикалық есірткіні интернет арқылы сатудың жолын кесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ер адам синтетикалық құралдарды мессенджерлердің көмегімен сатқан. Жедел уәкілдер есірткі заттарын аса ірі мөлшерде таратты деген күдікпен Өскемен қаласының 35 жастағы тұрғынын ұстаған.

Тәртіп сақшылары одан түрлі-түсті скотчпен оралған, ұнтақ пен түйіршік түріндегі зат салынған, “100г меф” деген жазуы бар мөлдір зип пакетті тәркілеген. Сонымен қатар полицейлер күдіктінің үйінен тауарды орау үшін пайдаланатын пакеттер, фольга орамдарын, электронды таразылар мен жабысқақ изолентті тапқан.

Сараптама нәтижелеріне сәйкес, тәркіленген зат мефедрон психотроптық заты болып шықты.
Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі таратушы соттың санкциясынан қамауға алынды.

Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру