Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алға қаласында тағы бір «жүргізу құқығынан айырылған» ұсталды

Алға қаласында тағы бір «жүргізу құқығынан айырылған» ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 наурызда таңғы сағат 06.00-де патрульдік полиция қызметкерлері Алға қаласында қоғамдық тәртіпті сақтау және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қызметін атқару кезінде 21 жастағы жүргізушінің басқаруымен «ВАЗ-2105» автокөлігін тоқтатты. Жүргізушіден құжаттарды тексеру кезінде алкогольдің өткір иісі шыққан, жүргізілген сараптама жүргізушінің мас күйде екенін көрсетті.

Сонымен қатар, жүргізушінің бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды, бірақ соған қарамастан ол көлікті мас күйде басқарған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Автокөлік АПБ аумағына қойылды. Жүргізуші АПБ УҰИ-ға қамалды.

Ақтөбе облысының полицейлері автокөлік құралдарының жүргізушілерінен жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды сұрайды. Мас күйінде көлік жүргізбеңіз, себебі оның салдары орны толмас шығындарға әкелуі мүмкін. Маневр жасау және қашықтық ережелерін сақтау және жылдамдықты асырмау қажет екенін ұмытпаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру