Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде полиция қызметкерлері мен еріктілер марапатталды

Алғыс айту күніне орай ақтөбелік полицейлер еріктілерге және полиция қызметкерлеріне алғыс хаттар табыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Алғыс айту күні – қазақстандық патриотизмнің, бірлік пен достықтың жарқын мерекесі. Ол достық пен өзара көмектің құндылығын бөлісу, сондай-ақ көрсетілген көмек үшін рахмет айту қаншалықты маңызды екенін еске салады.

Полиция департаментімен өзара және тығыз ынтымақтастығы үшін “Zello.Poisk”, “ANTICOVID19PATRUL” волонтерлік командаларына алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді, сондай-ақ тұрғын үйдегі өрт кезінде адам өмірін құтқарғаны үшін патрульдік полиция батальондары Мұратбек Нұрмағанбетов пен Ерболат Жаңабаев марапатталды.

Марапаттарды табыс ете отырып, департамент бастығы Атығай Арыстанов өз сөзінде: Алғыс айту күні – қысылтаяң шақта бар ауыртпашылықты бірге көтеріп, мемлекет басшысының жетекшілігімен тәуелсіз Қазақстан құру жолында аянбай тер төккен ел азаматтарының бір-біріне құрмет көрсету күні екенін атап өтті және барлығына бақыт, денсаулық, бейбітшілік пен амандық тіледі.

Полицейлерді шақырылған қонақтар да
жарқын және мейірімді мерекемен құттықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру