Алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен кездесу өтті
20 қаңтарда Қазақстан Республикасы ІІМ Қостанай қаласында Ш.Қабылбаев атындағы Қостанай академиясында алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларымен тәртіпті және заңдылықты сақтау қасиеттерін қалыптастыру мақсатында кадр саясаты бөлімінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі – Р.Аужанов, ардагерлер кеңесінің төрағасы – Б. Мукажанова және курс басшылығымен кездесу өткізілді.
Кездесу барысында кадр саясаты бөлімінің бастығы орынбасарының міндетін атқарушы полиция подполковнигі Р.Аужанов болашақ ішкі істер органдарының қызметкерлерінің адамгершілік келбетіне жоғары талаптар қоя отырып, өздерінің қызметтік міндеттеріне саналы түрде үлкен
жауаптылықпен қарау, сонымен қатар әскери-қызметтік тәртіпті бұзбау керектігін, тыңдаушылардың тәртібіне баса назар аударды.
Ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Мукажанова тыңдаушыларға көп ақыл-кеңестерін айтып, таңдаған болашақ қызметінің тәуекелі зор мамандық екенін айтып өтті. Олардың кәсіби қызметі қоғамдық қауіпсіздікті сақтаумен, еліміздегі азаматтардың құқықтарын қорғаумен байланысты екендігін белгілеп,өзінің кәсіптік деңгейін көтерудің, аға ұрпақтың тәжірибесін үлгі етіп алудың қажеттігін айтып өтті.
Сонымен қатар, кездесу барысында алғашқы кәсіптік даярлық курсының тыңдаушыларына Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылдың 31 желтоқсандағы «интернет, сонымен қатар әлеуметтік желілерде, мессенджерлерде және блог-платформаларда жұмыс істеу бойынша сұрақтары туралы» № 1122 бұйрығымен және академия бастығы бекіткен 2020 жылдың 16 қаңтарындағы «оқу топтарының жетекшілерін тағайындау туралы» № 16 бұйрығымен таныстыру жұмысы да өткізілді.