Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында мереке күні алғаш рет академия гимні орындалды

Алматы академиясында мереке күні алғаш рет академия гимні орындалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мерекелік салтанат аталған оқу орнындағы қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің ескерткішіне гүл шоқтарын қоюдан басталды. Халықтың қауіпсіздігі үшін қаза болған ерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Академия клубында жалғасқан мерекелік салтанатты оқу орнының басшысы Айдар Сайтбеков құттықтау сөзбен ашып, жеке құрамға ішкі істер министрі Марат Ахметжановтың құттықтауын жеткізді.

– Бүгінгі мереке Қазақстан полициясының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан ардагерлер мен қызмет барысында батылдық танытқан ержүрек қызметкерлердің есімін ұлықтайтын мереке. Мысалы, кешегі қаңтар оқиғасы кезінде ерен ерлік көрсеткен тактика-арнаулы даярлық кафедрасының бастығы Олег Цойдың Мемлекет басшысының қолынан «Ерлігі үшін» медалін алуы біз үшін зор мақтаныш болды, – деді академия басшысы.

Кейінгі буын өкілдерінің Қазақстан полициясының мәртебесін көтеріп жүргеніне ризалық білдірген академия ардагерлер кеңесінің төрағасы Т.Қабденов те өсиетті сөздер айтты.

Мереке барысында үздік мамандар «Қазақстан полициясының 30 жылдығы» медалімен және Ішкі істер министрлігі мен Академия басшысының алғыс хаттарымен марапатталып, бірқатар қызметкерлер мерзімінен бұрын шен алды.

Қазақстан полициясының 30 жылдығы мерекесінде алғаш рет Қазақстан Республикасы ІІМ М. Есболатов атындағы Алматы академиясының Гимні орындалды. Гимнің сөзін жазған Айдар Сайтбеков болса, әнін Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының бастығы, композитор Естай Әбілезов. Асқақ рухқа толы Гимн жеке құрамның патриоттық сезімін арттырып, Отанға деген сүйіспеншілікті дәріптейтін Гимн болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру