Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясында отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды

ҚР ІІМ Алматы академиясында Алматы қаласының әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясының отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жиында балалардың құқықтарын қорғау және отбасындағы зорлық-зомбылыққа қарсы күрес мәселелері талқыланды.

Тақырыптың өзектілігі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша қосымша нормалардың қабылдануына байланысты жаңа серпін алды. Естеріңізге сала кетейік, жаңа нормалар 15 маусымынан бастап күшіне енді.

Отырысқа комиссия мүшелері, Алматы қаласы полиция департаментінің басшылығы мен қызметкерлері, Алматы қаласы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкіл, аудан әкімдерінің орынбасарлары – комиссия төрағалары, отбасылар мен балаларды қорғаумен айналысатын үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.

ІІМ академиясы тұрмыстық зорлық-зомбылық және балалардың құқықтарын қорғау туралы ғылыми зерттеулердің нәтижелерін ұсынды, сондай-ақ азаматтардың балаларды қорлау фактілері және олардың ата-аналары мен қамқоршыларының қауіпсіздігін тиісінше қамтамасыз етпеуі туралы өтініш жасаған кездегі іс-қимылдары бойынша қызметкерлерге әдістемелік ұсынымдар әзірледі.

Отырыста сондай-ақ осы мәселелерде халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру қажеттілігі туралы ұсыныстар айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру