Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы академиясы мен ALT университеті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірікті

Алматы академиясы мен ALT университеті жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде бірлесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еліміздің екі ірі білім беру мекемесі өзара меморандумға қол қойды.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі практикалық қызметті де, білім беру саласын да қамтитын шараларды қабылдай отырып, жол қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударады. Бұл процестің маңызды құрамдас бөлігі - жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолдардағы қауіпсіздікті арттыру саласында тиімді жұмыс істей алатын білікті мамандарды даярлау.

Қазақстан Республикасы ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясы және Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті жол қозғалысы қауіпсіздігі саласындағы бірлескен жобалар мен әзірлемелерді дамытуға бағытталған меморандумға қол қойды. Бұл ынтымақтастықтың басты мақсаты - мамандарды даярлау сапасын арттыру және оқытуға инновациялық тәсілдерді енгізу. Нәтижесінде екі оқу орнының бірлескен жұмысы жол-көлік оқиғаларының алдын алуға және болдырмауға бағытталатын болады.

- Біздің мақсатымыз - жол қауіпсіздігі, жол-көлік оқиғасы салдарынан жарақаттанудың алдын алу саласында тиімді жұмыс істей алатын жоғары білікті мамандарды даярлау. Тынышпаев атындағы университетпен бірлескен жұмыс білім беру бағдарламаларын дамытуға және оқытудың заманауи әдістерін енгізуге бағытталған. Біз бұл ынтымақтастықтың айтарлықтай жемісін беретініне және елдегі жол қозғалысы қауіпсіздігіне оң әсер ететініне сенімдіміз, - деп атап өтті Қазақстан Республикасы ІІМ Алматы академиясының бастығы Қалижан Қобландин.

Жақын арада оқытушылар мен білім алушылар арасында тәжірибе алмасу, оқу бағдарламаларын бірлесіп әзірлеу, тыңдаушыларды сертификаттау, сондай-ақ мамандар өзекті мәселелерді талқылап, жолдардағы қауіпсіздікті арттыру, оңтайлы шешімдер табуға бағытталған дөңгелек үстелдер мен семинарлар өткізу жоспарда бар.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру