Алматы академиясының курсанттары мектеп оқушыларымен кездесті
ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының курсанттары мектеп оқушыларымен кездесті, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Болашақ полиция қызметкерлері мектеп оқушыларына өздері оқитын Алматы академиясына қалай түсуге болатыны жайлы бағдар беруде және мамандық таңдауларына көмектесуде.
Солардың бірі академия курсанттары Али Мұхаметов, Дамир Байбатыров және Айдар Мирас Алматы қаласындағы №169 мектеп-гимназиясында және №149 жалпы білім беретін мектепте болып, жоғары сынып оқушыларымен курсанттық өмірлерімен бөлісті.
Кездесу кезінде курсанттар ең алдымен полицияда қызмет ету үшін адалдық, жауапкершілік, патриотизм және Отанға деген құрмет сияқты маңызды қасиеттер қажет екенін баса әңгімеледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты оқу орындарының қара шаңырағы Алматы академиясына оқуға түскендері өздері үшін зор мақтаныш екенін жеткізген курсанттардың әңгімесінен кейін болашақта полиция қызметкері болуға ынталы жастар көбейетіні сөзсіз. Соның бір дәлелі оқушылар кездесу барысында курсанттарға көптеген сұрақ қойып, тұшымды жауаптар алды. Мұндай кездесулердің мектеп оқушыларының болашақта тәртіп сақшысы болуға деген ұмтылысына ықпал етпек.