Алматы әуежайында белгіленбеген жерде темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды
Алматы әуежайында белгіленбеген жерде темекі шеккен Қытай азаматына айыппұл салынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Тбилиси-Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін әуежайдағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері ұшақ жанында темекі шеккен шетелдік жолаушыны анықтады. Бұған Қазақстан заңнамасымен тыйым салынған.
Тексеру барысында Қытай Халық Республикасының 24 жастағы азаматы анықталды.
Құқық бұзушы белгіленбеген орындарда темекі бұйымдарын тұтынуға тыйым салуды бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылып, оған 15 АЕК (55 380 теңге) мөлшерінде айыппұл салынды.
Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері еліміздің көлік полицейлері әртүрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар жасағаны үшін 32 мыңнан астам құқық бұзушы жауапкершілікке тартылды, оның ішінде белгіленбеген жерлерде темекі шеккені үшін 1021 азамат жауапқа тартылды.