Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы колониясында сотталған балалар Абай күнін атап өтті

Алматы колониясында сотталған балалар Абай күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Биыл қазақтың жазба әдебиетінің негізін қалаған Абай Құнанбаевтың туғанына 176 жыл толды. Еліміз бойынша екінші жыл қатарынан атап өтілген мереке күні Алматы қаласы бойынша ҚАЖД ЛА-155/6 түзеу мекемесінде де ақын Абайға арналған онлайн іс-шара өткізілді.

Алматы қалалық Жас Отан жастар қанатының үйлестірушілері жазалы балалар арасында ZOOM жүйесі арқылы “Бес нәрсеге асық бол” атты конференция ұйымдастырды. Онлайн басқосу кезінде үйлестіруші Бейбарыс Зарипов балалар колониясындағы жасөспірімдерді Абайдың өмірбаянымен таныстырып, оның ғибратты сөздерінің мән-мағынасын ашатын әңгіме өткізді. Сондай-ақ ол жазалы балаларды Абай өмірінен түрлі деректерге қанықтырып, сұрақ-жауап тәсілімен балалардың Абай туралы дүниетанымдарын арттырды.

Өз кезегінде, ЛА-155/6 түзеу мекемесінде жазаларын өтеп жүрген жасөспірімдер Абайдың өлеңдерін жатқа оқып, өз өнерлерін ортаға салды. “Абай күні” атты мерекеде жас әнші Тұрар Дүйсекеш Абай Құнанбаевтың сөзіне жазылған әндер орындады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру