Алматы облыстық ҚАЖД-ға қарасты мекеме мамандары ауыл әкімімен кездесті
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖД-ға қарасты мекеме мамандары ауыл әкімімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облыстары бойынша ҚАЖ департаментінің №14 қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімінің мамандары аталған департаментке қарасты мекемелер орналасқан Заречный ауылдық округінің әкімі Гүлбану Несіпбаевамен кездесті.
– №14 мекемеде 900-ге жуық сотталған жазасын өтеп жүр. Қазіргі мәлімет бойынша, 200-ден астам сотталған ақылы жұмыспен қамтамасыз етілген. Сотталғандардың арасында 100-ге жуық адам зейнет жасында, мүгедектігі бар және карантинднгі сотталғандар, – дейді №14 мекемесіндегі сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру бөлімшесінің бастығы Б.А.Қасымханова.
Жұмыс кездесуінің басты мақсаты – сотталғандарды еңбекпен қамту және мекеме аумағында жаңа жұмыс орындарын ашу, жұмысты одан әрі жандандыру. Аталған мекеме мамандары мен Заречный ауылының әкімі сотталғандардың еңбегін тиімді пайдалану, оларды жұмысқа тартуда кездесетін қиындықтар туралы жан-жақты пікір алмасып, аталған мәселенің түйінін шешуге тырысты.