Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Cәтбаевта мас күйде мотоцикл тізгіндеген азамат анықталды

Cәтбаевта мас күйде мотоцикл тізгіндеген азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы шеңберінде Сәтбаев қаласының полицейлері күндізгі уақытта қала көшелерін патрульдеу кезінде Dayun Super мотоциклін тоқтатқан. Тәртіп сақшыларында жүргізуші мас күйде болуы мүмкін деген күдік туған. Мотоциклді тізгіндеген 41 жастағы азаматты тәртіп сақшылары тоқтатып тексерген кезде, оның мас күйде болғаны және көлікте мемлекеттік нөмірлік белгісі болмағаны анықталды.

Оған ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабы 7-бөлігі және 590-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама толтырылды.

Қалалық сот шешімімен жүргізуші 30 тәулікке дейін қамауға алынып, мотоцикл айыптұраққа қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру