Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай облысы бойынша ҚАЖД мекемесінде шағын футболдан турнир өтті

Кадр саясаты бөлімінің қызметкерлері Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі істер қызметінің генерал-майоры Ғазиз Сұлтановтың 100 жылдығына орай шағын футболдан естелік турнир ұйымдастырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы Отан соғысының ардагері, ішкі қызмет генерал-майоры Ғазиз Сұлтанов 1924 жылы Семей облысы, Жарма ауданы, Қапан-бұлақ ауылында дүниеге келіп, 1994 жылы дүниеден өтті.

Қызметін қатардағы қызметкер болып бастады. Ал 1977-1989 жылдары – Қазақ КСР Ішкі істер министрінің орынбасары. Дәл осындай жауапкершілікпен ішкі істер департаментінің бастығы болды.

Турнирдің ашылуына ардагер Сұлтановтың туыстары шақырылды. Турнирді Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы Ерсайын Нұртазинов ашты. Жарысқа қатысушылармен сәлемдесіп, шараның маңыздылығын айта отырып, оларға әділ, ымырасыз күрес тіледі.

Сайыс соңында жеңімпаздар анықталды. Турнирге қатысқан барлық командалар сертификаттармен марапатталды. Жеңісті ҚАЖД қызметкерлері жеңіп алды, екінші орынды пробация қызметінің командасы иеленді, үшінші орын №19 мекеме командасына бұйырды. Үздік қақпашы ҚАЖ ардагері Ербол Кабдыгалиев және үздік шабуылшы ардагер Кумарбек Усанов мақтау қағаздарымен, ал үздік қорғаушы ардагер Ардак Демесинов анықталып, олар да грамоталармен марапатталды.

Жарысты ұйымдастырушылар турнир қатысушыларына белсенді ойыны үшін алғыс айтып, қызметте және спортта сәттілік тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру