Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Құқықтық тәртіп”: Алматы жолдарында 50-ге жуық мас жүргізуші ұсталды

Алматы жолдарында “Құқықтық тәртіп” ЖААІШ барысында 50-ге жуық мас жүргізуші ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер “Құқықтық тәртіп” кең ауқымды іс-шарасы аясында жергілікті рейд жүргізіп жатыр.

– Бір апта ішінде қала жолдарында мемлекеттік тіркеу нөмірі жоқ көлік құралдарын басқарудың 131 дерегі, жалған нөмірмен көлік құралын басқарудың 11 дерегі, қарама қарсы қозғалысқа шығудың 30 дерегі, жаяу жүргіншілердің ЖҚЕ бұзудың 519 дерегі, жолаушыларды тасымалдау ережесін бұзудың 132 дерегі, маневр жасау ережесін бұзудың 385 дерегі, төтенше жағдай туғызудың 281 дерегі анықталды. Сонымен қатар көлікті мас күйінде басқарған 46 жүргізуші және көлік құралын басқару құқығынан айырылған 11 жүргізуші ұсталды, – деді ЖПҚБ арнайы батальоны командирінің орынбасары Әлжан Кенжебаев.

Құқық бұзушылардың бірі – Kia жүргізушісі. Жас келіншек бұрын көлікті мас күйінде басқарғаны үшін соттың шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Автокөлік мамандандырылған айыппұл тұрағына қойылды, ал әйел адамға ҚР ӘҚБтК-нің 612-бабы 4-1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру