Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанай полицейлері тұрғынның алаяқтардың құрбаны болуына жол бермеді

Қостанай полицейлері тұрғынның алаяқтардың құрбаны болуына жол бермеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 қараша сағат 18:00 шамасында “102” пультіне интернет-ресурстың көмегімен алдау және сенімге кіру арқылы белгісіз тұлға қолма-қол ақшаны иемденбек деген хабарлама келіп түсті. Осы факт барысында жедел-тергеу тобының шығуы жүзеге асырылды, олар мекенжайға келгеннен кейін өтініш берушінің ақша қаражатын аудармағаны анықталды, өйткені қоңырауға бір күн қалғанда “Антимошенник” ЖПІШ шеңберінде профилактикалық әңгімелесу жүргізілді.

– Қостанай қаласы полиция басқармасының анықтау бөлімінің қызметкерлері Молдабековаға және Жантасовқа алғысымды білдіргім келеді, олар мен тұратын жерді аралап, менімен алаяқтық фактілері туралы профилактикалық әңгімелесу жүргізді, алдаудың түрлері мен тәсілдерін егжей-тегжейлі түсіндірді, – дейді Қостанай қаласының тұрғыны.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру