Алматы облысы ҚАЖД-де ҚР Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы атап өтілді
Алматы облысы ҚАЖД-де ҚР Тәуелсіздік күнінің 30 жылдығы атап өтілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу мақсатында ҚАЖ департаменті салтанатты жиналыс өткізді. Түзеу колонияларында тікелей қызмет атқаратын қызметкерлерді құттықтау мақсатында басшылық Заречный кентіне барып, салтанатты іс-шара өткізу туралы шешім қабылдады. Оған ҚАЖ ардагерлері, Еңбек-Жауғашты РМҚ фелиалының директоры және ведомствоға қарасты мекемелердің жеке құрамы шақырылды.
ҚР Президентінің Жарлығымен мінсіз қызметі үшін 4 қызметкер “Халық алғысы” Республиканың мемлекеттік наградаларымен, 13 қызметкер ІІМ бұйрығымен, үш қызметкер ҚАЖ Комитеті бұйрығымен және 51 қызметкер ҚАЖД бұйрығымен марапатталды.
– Біздің басты құндылығымыз — өз еңбегімен, тарих пен дәстүрге ұқыпты қарауымен туған жерін дәріптейтін адамдар. Мереке Отанымыздың, болашақ ұрпақтың және тарихтың игілігі үшін мақсаттарға қол жеткізуге күш пен сенімділік берсін! Біздің өңіріміздің табысты дамуы және мемлекеттің Тәуелсіздігі сіздердің табыстарыңыз бен өркендеуіңіздің сенімді кепілі болады. Сіздерге жақсы істерде сәттілік, мықты денсаулық тілеймін. Мереке әр үйге келісім мен амандық алып келсін, – деді өңірлік ҚАЖД бастығы Игілік Хасенов.